2018 жылдың сәуір айында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері апталығының қорытындысы

   2018 жылдың сәуір айының 09 жұлдызы мен 13 жұлдызы аралығында мектебімізде Апталықтың тақырыбы:«Туған тілім – тірлігімнің айғағы тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықты өткізуге  қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің  мұғалімдері түгелдей атсалысты.  Апталықтың бекітілген жоспары бойынша  ашық сабақтар , сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. 9 сәуір күні апталықтың ашылу салтанаты кең түрде мерекеленді. Ашылу салтанатында 3«А», 4«А» сынып оқушылары тіл туралы жыр шумақтарынан шашу шашып, 6 «г» сынып бишілері қазақша мың бұрала билесе, ал балғын домбырашылар Бердібеков Роберт пен Теміртас Мұрагер күмбірлете  күй шертті. Ашылу салтанатының соңында жас әнші 6«В» сынып оқушысы Сартов Дәурен қазақша   әуелете ән салса, 5«Б» және 5«В»  сынып оқушылары Е.Хасанғалиевтің  «Атамекен» әнін хормен орындады.

     Бастауыш сынып оқушылары арасында  1 санатты ұстаз Нұрымова Ботагөз, жас мамандар Әбдірахманова Перизат пен Тәйкенова Айгерім  «Көктем келді жадырап...»  тақырыбына сурет салу байқауын ұйымдастырып, апталық аяғында жеңімпаз оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Жас маман Агисова Айкөркем мен 2 санатты ұстаз Нұғыман Наурызбибі алтыншы сыныптар арасында «Қазақша сөйлей аламын»  атты тіл сайысын өткізді. Сайысқа сабаққа барлық 6 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысып, өздерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерінің нәтижесін сынады.  Ал 1 санатты тәжірибелімұғалім Матибаева Оралхан 5 «Д» сыныбында  «Сөз мергені» тақырыбына сайыс сабақ өткізді. Сайыс сабақ жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде топтық жүйеде ұйымдастырылып өте қызықты өтті. Оқушылар өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді.  Кітапханашылар Матайбаева Назымгүл пән мұғалімдерімен бірлесе отырып  «Ана тілі- жүрек үні» атты  7 «Г» сыныбы оқушылары арасында интеллектуальды сабақ өткізсе, Рамазанова Татьяна 5 «Б» сыныбында тарих пәні мұғалімімен бірігіп «Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?» атты викториналық ойын ұйымдастырды. Тәжірибелі мұғалімдер Оразалиев Мәлік, Мингирова Сапаргүл және Құлмағанбетова Бақыт М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында 7-10 сыныптардың оқушылары арасында «Поэзия менімен егіз бе едің» атты әдеби- музыкалық кеш  өткізді. Кеште М.Мақатаевтың әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. 1 санатты ұстаз Жүсіпбекова Найла 8 «Г» сыныбында Қадір Мырзалиевтің шығармашылығына арнап «Қадір Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

     Ал тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Фролова Рима Викторовна 6 сыныптар арасында  Қазақстан тарихы пәні бойынша тақырыптық олимпиада өткізді. 1 санатты мұғалім  Стасенко Т.Ф. 9-11 сыныптар арасында ата-аналардың қатысуымен «Под счастливой звездой» атты презентация-сабақ ұйымдастырды.  1 санатты мұғалім Миргалиева Рашида 8«Г» сыныбында «Ә. Бөкейханов» тақырыбына ашық сабақ өткізсе, тәжірибелі ұстаз Кушбасова А.Н. 10 сыныптар арасында «Қазақстан тарихының білгірлері» тақырыбына сыныптан тыс шара ұйымдастырды.

       Апталық белгіленген жоспар бойынша өткізіліп, өз мақсатына жетті. Апталық соңында белсенділік танытқан сыныптар мен жекелеген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Please publish modules in offcanvas position.