Республикалық "Зерде" жобалар байқауының қалалық турнирінде 1 орын және облыстық турнирінде 2-орын алған  4 "Г" сынып оқушысы  Хусаинов Рамзан және  3 "А" сынып оқушысы Хусаинова Сиянаны жеңістерімен  құттықтаймыз.
       Жеңімпаз оқушылардың ұстаздары  Ж.Ш.Иманалиева мен С.И. Джумагуловаға зор алғысымызды білдіреміз.

 

     

      «Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз».

                    Қ.Тоқаев

Келе жатқан жыл жағымды ​ оқиғалар мен бақытты сәттер әкелсін. Жаңа ​ ойлар пайда болып, қойылған міндеттер іске асырылсын! Сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, сәттілік және махаббат тілейміз! Жақсы көңіл күй мен Жаңа жыл қарсаңында ​ ізгі тілектер орындалуын тілейміз!

 

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 15 желтоқсанындағы №43-БДСҚ «Маңғыстау облысы тұрғындарының арасында коронавирустық инфекцияның таралмауының алдын-алу шаралары туралы» қаулысы мен  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

1.     Қысқы каникул кезіндегі жаңа жылдық демалысқа байланысты 1-11 сыныптардың сынып жетекшілері оқушыларға мектеп ішінде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын.

2.     Оқушыларға ойын-сауық орындарына, кафе мен мейрамханаларға баруға қатаң тыйым салу және жаңа жылдық пиротехникалық бұйымдар мен жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салу туралы хабарлансын.

3.     Ақтау қалалық білім бөлімінің «№ 1 Жалпы орта білім беру мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне қаражат жинау фактілеріне жол бермеуге.

4.     Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

№1 ЖОБМ  директоры                                                      Б.Испекеев

 

       ТӘУЕЛСІЗДІК – Қазақстан Республикасының ең қасиетті тұғыры болып табылады. Ұлы даланың тәуелсіздік жолы еліміздің тарихынан бастау алады. Мөлдір көк теңіз, биік таулар мен жоталар, жазық дала, көркем тіл, бай мәдениет пен күй мен терменің күмбір дауысын сақтап қалған батыр бабалардың аманат қылып алып қалған жер. Қазақ елі кең байтақ жерімен Ұлы тұлғалардың мекені. Еліміздің еркіндігінің символын бүркіт құсы, ашық аспан, жарқыраған күн айқындайды. Мемлекеттіміздің кейбір өңірлерінде мәдениеттің айқын көріністері әлі де сақталған. Тәуелсіздік - ел жастары ретінде білім мен өнерге ұмтылып ғана қоймай мәдениет пен тілдің, тарихтың маңыздылығын естен шығармай, мақтан тұту керек.

 

 

Page 2 of 5

Please publish modules in offcanvas position.