Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым атынан, ардагер ұстаздарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

       Тәрбие жұмысының жоспары негізінде, қараша айының 23-27 аралығында «Қош бол, алтын күз» атты бастауыш сынып оқушылары арасында сурет салудан байқау өткізілді. Байқау конкурсының нәтижесінде келесі оқушылар жүлделері орын алды.

Осы байқауға қатысқандарға алғыс білдіреміз!

Гран-при – Колесников Я. 3 «В» 

орын –Мирзобаева А. 1 «Ж»;

1 орын  – Шутаев А. 2 «И»;

1 орын  -  Кабдреш А. 3 «А»;

1 орын  – Агибаева М. 4 «И»;

2 орын  – Сомова 1 «Д»;

2 орын - Ораз А. 2 «Г»

2 орын  – Сафарова З.  3 «Б»

2 орын  -  Жолдасова 4 «Г»

3 орын  – Айгалиев 1 «Е»

3 орын  – Цой И. 2 «Г»

3 орын  – Назарова А. 3 «Г»

3 орын – Жолдасова А. 4 «Г» 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен рахмет! 

«Қош бол, алтын күз» (сілтеме)

 

 

Елімізде карантиндік және шектеу шараларына қарамастан қашықтықтан   білім  алып  жатырған оқушылар қазақстандық жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «III Халықаралық Махамбет»«Абай  және  Мұқағали оқуларына» қатысып мектебіміздің оқушылар  11 «Б» сынып оқушысы  Галушко Валерия - бас жүлде, және  8 «Б» сынып оқушысы Мужев Захар орынмен иеленіп, дипломдармен марапатталды.  

 

Оқушылардың бойына білім және оқу мәдениетін қалыптастырған  жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалиев Малик Диллабайұлына алғыс білдіреміз.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол  бермеу мақсатында   «№ 1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасынан уәкілетті адамдар тағайындалды: А.А.Суюншалиев және А.К.Арткожинов. 

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы (сілтеме)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (сілтеме)

      «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру  және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы  27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде  №1 жалпы білім беру орта мектебінде қамқоршылық кеңеснің  құрылуы туралы хабарлайды.

       Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.

       Қамқоршылық кеңестің құрамына:

       Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, қайырымдылық жасаушылар  шақырылады.

       Құрметті ата-аналар! Сіздердің қамқоршылық  кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз!

       Ұсыныстарыңыз   12.10.2020 ж. дейін қабылданады.

       Ұсыныстар №1 жалпы білім беру орта мектебі кеңсесінің келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 1300000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан 54 ғимарат, 2 қабат  қабылдау бөлімі.

       Байланыс телефоны: 42-76-96, 43-59-62, 87013458653

       Электронды мекен-жай:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. School5906@mail.ru

 

 

 

       Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдау Үлгілік ережелерге сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 30-шы тамызы аралығында жүзеге асырылады.
       Бастауыш білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
       Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) egov.kz сайты арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүзеге асады.
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулық паспорты (ф026) екпе картасы (ф063).
• 3 см-де 4 см 2 фотосурет.

       Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде (мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа) емтихан, тестілеу, сынақтар, байқау жүргізілмейді.

  Ақтау қаласы «№1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

(14 ш/а №54 ғимарат) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты келесі мамандар қажет:

-         - Сылақшы

-         - Ағаш ұстасы.

-         - Шатыр жөндеушісі.

 

Анықтама телефондары: 8 (7292) 42-76-96;  +7701 345 86 53.

Page 3 of 5

Please publish modules in offcanvas position.