Previous Next

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N64 Қаулысы негізінде төмендегі санаттарға жататын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек бөлінеді:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына беріледі.

Қаржылай және материалдық көмек оқу жылына бір рет беріледі. Жан басына шаққандағы табыс мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру арқылы анықталады.
Егер отбасыға 1 айда кіретін орташа табысты жан басына шаққанда 35 838 теңгеге (кедейлік шегі) жетпесе бала 1 санатқа жататын отбасының баласы, 35 838 теңгеден жоғары бірақ 51 197 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейі ) төмен болса 2 санатқа жататын отбасының баласы болып есептеледі.

Мектептен біржолғы қаржылық көмекті алу үшін E-gov порталына кіріп, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК/АСП) алу қызметіне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS пароль арқылы қол қоя отырып онлайн тапсырыс бересіз. Сіздің өтінішіңіз аудандық/қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және жергілікті әкімдікте қаралады.
Сіз E-gov порталына кіріп, өзіңіздің жеке кабинетіңізде («Алынған қызметтердің тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқи аласыз. Егер сіз аталған санатқа (АӘК (АСП) алатын отбасы) жататын болсаңыз мектептің әлеуметтік педагогіне барып, өтінішіңізді жазыңыз. Сізге қаржылай көмек беріледі.

Егер сізге АӘК (АСП) тиісті емес деп SMS келсе және өтініш бергеніңізге 15 күн болған болса, мектептің әлеуметтік педагогіне барыңыз. Ол білім берудің деректер қорынан (ББДҚ/НОБД) сіздің балаңыздың екінші санатқа жататындығын немесе жатпайтындығын анықтап береді.

Previous Next

ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты.

Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.

Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.

Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.

Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады. «Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.

Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз.

«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне хабарласу қажет.

Білім бөлімінің сенім телефондары:

 8 (7292) 33-65-61

 8 (7292) 33-65-59

 8(701)271-00-65

 8 (701) 072 70 77

 8 (701) 582 01 28

 8 (701) 610 03 34

Previous Next

 

Қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;

- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» порталдары;

- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;

- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;

- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;

- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.

 

Мен және менің полициям акциясы аясында ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты М.Абдуалиев пен полиция лейтенанты Н.Абдухаликов 1 мектеп оқушыларына теңіз жағасында орналасқан Каспий стационарлық полиция бекетінің жұмысын көрсетті!!!

КОНКУРС (сілтеме)

Бос орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Білім беру ұйымының атауы: 

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Білім беру ұйымының мекенжайы:

14 шағын аудан 54 ғимарат, тел/факс: 8 (7292) 42-76-96.

Электрондық почта: School5906@mail.ru   

 

бос орындарға конкурс жариялайды:

 

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы

Апталық жүктемесі

Педагогтардың қажетті саны

Бос лауазымның мерзімі

1

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1 мөлшерлеме

1

тұрақты

2

орыс тілі және әдебиеті мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

3

математика пәнінің мұғалімі

32 сағат

(2 мөлшерлеме)

2

тұрақты

4

информатика мұғалімі

24 сағат

(1,5 мөлшерлеме)

1

тұрақты

5

тарих пәнінің мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

6

музыка пәнінің мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

7

технология пәні мұғалімі (ұлдарға)

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

Ескерту: оқыту тілі орыс тілінде.

 

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік, педагогикалық білім рұқсат етіледі, сондай-ақ конкурсқа орта немесе жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

Білуге тиіс:

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, педагогиканы, психологияны, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту және тәрбие жұмысы әдістемесін; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық; білім беру мен педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.02-11.02.2022 ж.

 

КОНКУРС (сілтеме)

Бос орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Білім беру ұйымының атауы: 

Маңғыстау облысының білім басқармасының

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Білім беру ұйымының:

14 шағын аудан 54 ғимарат, тел/факс: 8 (7292) 42-76-96.

Электрондық почта: School5906@mail.ru   

 

бос орындарға конкурс жариялайды:

 

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы

Апталық жүктемесі

Педагогтардың қажетті саны

Бос лауазымның мерзімі

1

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1 ставка

1

тұрақты

2

орыс тілі және әдебиеті мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

3

математика пәнінің мұғалімі

32 сағат

(мөлшерлеме

2

тұрақты

4

информатика мұғалімі

24 сағат

(1,5 мөлшерлеме)

1

тұрақты

5

тарих пәнінің мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

6

музыка пәнінің мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

7

музыка пәнінің мұғалімі

16 сағат

(1 мөлшерлеме)

1

тұрақты

Ескерту: оқыту тілі орыс тілінде.

 

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік, педагогикалық білім рұқсат етіледі, сондай-ақ конкурсқа орта немесе жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша бітірушілері (жас мамандар) қатыса алады.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, педагогиканы, психологияны, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту және тәрбие жұмысы әдістемесін; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық; білім беру мен педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.01-25.01.2022 ж.

Page 1 of 6

Please publish modules in offcanvas position.